Сақал өсіруге ата-анам қарсы. Не істесем болады?
Сақал өсіруге ата-анам қарсы. Не істесем болады?
6 жыл бұрын 7155

Ассаләмуғалейкум! Сақал өсіруге ата-анам қарсы. Не істесем болады?  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Исламда ата-анаға бағыну, оларды ренжітпеу – діннің іргелі-негіздерінің бірі. Ол - Құран Кәрімде ашық айтылған бұйрық. Ал, сақал өсіру – дін негіздеріне жатпайды. Сақал өсіру -Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті. Оның үкімі жайында ғұламалар арасында пікірталас бары жасырын емес. Кей ғалымдарымыз «уәжіп» десе, кей ғалымдарымыз сүннет деген. «Мәндүб» деп айтқан дін мамандары да бар.  

Сондықтан да, ата-анаңыз табанды түрде сақал өсіруіңізге қарсылық танытып жатса, бойсұнуыңыз қателік болмайды.

Фиқһ ғылымында мынадай жалпылама ереже бар:

" اذا تعارضت مفسدتان روعي اعظمهما ضررا بارتكاب اخفهما."

«Егер, екі зиянды нәрсе (біздің жағдайда: ата-анаға бағынбау мен сақал алу) бір-біріне кереғар келіп қалса, зияны жеңілдеуін орындау арқылы, зияны ауырлауын болдырмау керек».[1]

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Шейх Жәдуль Хақ: әл-Фәтәуә әл-Исләмия. 2/21 бет.

Абдусамат Қасым