Әйеліне "кетсең, кет" деп айтса, талақ болып санала ма?
Әйеліне "кетсең, кет" деп айтса, талақ болып санала ма?
5 жыл бұрын 8042

Және де сұрайын дегенім, әйелімен ұрысып қалған  жағдайда «барсаң, бар», «кетсаң, кет» деп айтсаң «талақ»  бола ма? Бірақ, ниетімді білмедім?

Әссәләмуғалейкум! Жұма мүбарак болсын!

Отбасы, ошақ қасында әртүрлі жағдайлар болып жататыны рас. Мәселен, өзіңіз айтпақшы түсініспеушіліктер орын алып, күйеуіне ренжіген әйелі «кетем» дегенде, ері «кетсең, кет» деп жауап беріп жатады. Дегенмен, олай деуі талақ болып саналмайды деген ойдамыз. Себебі, «талақ ету» ниетімен айтқан-айтпағаны нақты емес. Тіпті, ондай сөздің астарында «кетпесең, қал» деген ой жатқандай. Осыдан да, «талақ ету» ниетіңіздің болмағанын топшылауға болады.  

Шайтанның ең үлкен жетістігі – ерлі-зайыптылардың арасын бұзу. Сол себепті, өзара сүйіспеншілікті арттырып, шайтанның араласуына жол бермегендеріңіз дұрыс. Ері бас болып, әйелі мойын, осылайша тату-тәтті өмір сүруге талпынған жөн. Әрекет бізден, берекет Алладан. Соған қарай ұмтылыс жасалса, Алла нәтижесін оңды етері сөзсіз. Құран Кәрімде Алла Тағала былай деген:

 إِن يُرِيدَا إِصْلَاحًا يُوَفِّقِ اللَّهُ بَيْنَهُمَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا خَبِيرًا

«Егер ерлі-зайыпты екеуі татулықты қаласа, Алла араларына (соған жетелер) тәуфиқ беріп қояды»[1].  


[1]Ниса сүресі, 35 аят.

Абдусамат Қасым