Оrbit немесе dirol сағызы халал ма?
Оrbit немесе dirol сағызы халал ма?
9 жыл бұрын 14779

Оrbit немесе dirol халал ма? Бақдаулет Қынабай

Құрметті Бақдаулет, аталмыш сағыз түрлерінің халал не харамдығын дәл анықтау - арнайы лабораториялық зерттеулерді қажет етеді.  

Дегенмен, жалпы сағыздардың құрамында денсаулық тұрғысынан да, діни тұрғыдан да алып қарағанда жарамсыз саналатын қосындылардың бары жасырын емес. Атап айтсақ, сағызға тәтті дәм беретін, қанттың орнын басар «аспартам» қосындысы мен қоюландырушы, дәм беруші, ылғал сақтаушы «глицерин» (Е422) қосындысы бар. Глицериннің аса көп мөлшері бас ауруына, жүректің айнуына және қандағы қант мөлшерінің ұлғаюына әкеп соғады.

Бұнымен қатар, Е471-Е477 Моно май қышқылдарының диглицериды және түрлендіргіш формадағы қоспалар өсімдіктерден немесе жануарлардан алынады. Ал, енді, қоспа ол екеуінің қайсысынан алынғаны нақты білінбегендіктен Е471-Е477 қоспаларын күмәнді категориясына жатқызамыз. Өйткені, еті желінетін малдан алынды десек те, шариғатқа сай бауыздалған ба, жоқ па деген мәселесі тұрады. (Әйтсе де, химиялық құрылымын түбегейлі өзгерткен болса, хайуаннан алынса да халал саналатынын қаперде ұстаған жөн)[1]. Ең дұрысы – Аллаға аян!


[1] http://www.gimdes.org/

Абдусамат Қасым