Мәйіт түнеп шыққан бөлмеге және орнына адам жата беруіне бола ма?
|
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Кейбір ұлттарда көнеден қалған наным бойынша, мәйіт жатқан бөлмеде белгілі уақыт жатуға болмайды деген түсінік бар. Өйткені, оның неативті энергиясы адамға өтіп, жұмысында жолы болмайды-мыс. Алайда, аталмыш нанымның негізі жоқ. Ислам шариғатында да белгілі тыйым кездеспеген. Мәйіт жатқан бөлмені жуып тазалап, қажет болса дезинфекция жасатып, кейін ол бөлмені қолдана беруге болады. Діни тұрғыда ешқандай кедергісі жоқ.
Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?