Ассаламуғалайкум! Дүниеден өткен христиан (орыс) таныстарың үшін дұға жасауға бола ма? Жасұлан.
|
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Көпшілік ғалымдар қайтыс болған діні бөтен адам үшін дұға тілеп, ол үшін Құдайдан мейірім мен кешірім сұрауға болмайды деген. Тіпті мұнда «ижма бар» делінеді. Ислами еңбектерде бұған қатысты былай делінген: «Фиқһ ғұламалардың бір ауыздан қабыл еткен байламы бойынша, кәпір болып қайтыс болған адам үшін кешірім тілеу – тыйым салынған!»1.
Ал тірі кезінде жақсылықпен дұға тілеуге бола ма?
Тірі кезінде оған һидаят тілеуге, тіпті «истиғфар» (күнәсінің кешірілуін) тілеуге де болады2.
1 «әл-Мәсуғатуль Фиқһиятуль Куәйтия» - 4\43.
2«әл-Мәсуғатуль Фиқһиятуль Куәйтия» - 4\43.
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»