- Осы жылы зекеттің Нисап мөлшеріне толғанынан бір жыл өтісімен зекетін өтемей, сәл күтіп зекетімді Рамазан айында берсем бола ма?
|
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
|
Зекет ақшасы «нисапқа» жеткеннен кейін, арадан бір жыл өтуі тиіс. Бір жыл өткеннен соң зекет ақшасы нисаб мөлшерінен азаймаса, қырықта бірі зекет ретінде берілуі керек, оны келесі айға кешіктіруге болмайды. Артық ақшасының "Нисабқа" жеткеніне бір жыл толысымен зекетін беру – парыз, ал оны кешіктірмей беру – уәжіп. Имам Мәтуриди (р.а.) былай деген: «Бір жыл толысымен зекетін беру - бірден іске асуы уәжіп!»1. «Пәтуа осыған негізделеді» делінеді «Дүрруль Мұхтәр» кітабында2.
1 Имам Кәсәни (р.а.): «Бәдәиъус Санаиъу» - «Кәйфияту Фарзиятиз Зәкәт».
2 Имам Алауддин әл-Хаскәфи (р.а.): «әд-Дурруль Мұхтәр» - Китәбуз Зәкәт.
Өзекті сұрақтар
■
Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?