Жер сілкінісі кезінде оқылатын дұғалар
Жер сілкінісі кезінде оқылатын дұғалар
10 ай бұрын 3805

Жер сілкінісі кезінде қандай дұға оқыса болады?

Бисмилләһир рахманир рахим

Жер сілкінісі кезінде төмендегі дұғаларды оқыса болады: 

1) اللهمَّ لا تَقتُلْنا بغَضَبِكَ ولا تُهلِكْنا بعَذابِكَ وعافِنا قبلَ ذلك

«Аллаһуммә лә тәқтульнә биғодобикә, уә лә туһликнәә биазәбикә, уә афинә қоблә зәлик».

Мағынасы: «Аллаһым, ашуыңмен бізді өлтірме және азабыңмен бізді жойма. Одан бұрын бізге амандық-саулық сыйла»1.   

2) اللهم إني أسألُك العافيةَ في الدنيا والآخرةِ ، اللهم إني أسألُك العفوَ والعافيةَ في ديني ودنياي وأهلي ومالي ، اللهم استرْ عورتي وآمنْ روعاتي ، اللهم احفظْني مِن بين يديَّ ومن خلفي وعن يميني وعن شمالي ومن فوقي ، وأعوذُ بعظمتِك أن أُغتالَ مِن تحتي.

«Аллаһумма инний әс-әлукә әл-аафиятә фид-дүния уәл ахироти, аллаһумма инний әс-әлукә әл-афуә уәл-афиятә фи диний уә дүнияйи уә әһли уә мәли. Аллаһуммәс-түр аурати уә әәмин рауати. Аллаһуммахфизни мин бәйнә ядәйя уә мин холфии уә ан ямини уә шимәли уә мин фәуқи уә аузу биазамәтикә ән уғтәәлә мин тәхти».

Мағынасы: «Аллаһым, мен сенен дүниеде және ақыретте амандық сұраймын және дінімде, дүниелік істерімде және отбасым мен мал-дүнием үшін кешірім мен амандық-саулық сұраймын. Уа, Алла Тағала! Менің айыптарымды жасыра гөр және абыройымды төкпе. Уа, Алла! Мені алдымнан, артымнан, оң жағымнан, сол жағымнан, төбемнен келуі мүмкін апаттан сақта! Уа, Алла, күтпеген жерден астымнан (яғни, жерден) апат келуінен Сенің ұлылығыңа сиынамын!»2

3) «اللهم ادفع عنا البلاء والبراكين والزلازل والمحن وجميع الفتن ما ظهر منها وما بطن»

«Аллаһум, идфәъ аннәл-бәлә-ә уәль-бәрокиин уәз-зәләзиил уәл-михән уә жәмиъаль-фитәни мә зоһәро минһә уә мә бәтанә». 

«Уа, Алла Тағала! Бізден түрлі ауыр сынақтарды, жаңартауды, зілзәлә мен жер сілкінісін және жасырын-жария, көрінер-көрінбес барлық бәле-жалаларды аулақ қыл!». 


1Пайғамбарымыз (с.а.у.) аталмыш дұғаны қатты найзағай ұрып, аспан күркірегенде оқитын болған. Хадис, Имам Ахмед: «Мүснәд»; Тирмизи: «Сүнән».
Әбу Дәуід: «Сүнән». Абдулла ибн Омар радияллаһу анһудан жеткен хадис.

Абдусамат Қасым