Мұсылман дінін қабылдаған адамға есімін өзгертуі шарт па?
Мұсылман дінін қабылдаған адамға есімін өзгертуі шарт па?
8 ай бұрын 1424

Мұсылман болған діні бөтен кісіге өзінің бұрынғы есімін өзгертуі шарт па?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мұсылман болудың басты талабы – тілін кәлимаға келтіріп, Алла Тағаланың барлығын, бірлігін және Мұхаммед пайғамбардың Оның жіберген пайғамбары екендігін мойындап, қабыл ету. Иманның шарттарына түгелдей сену. Демек, Исламға кіру - тілін кәлимаға келтірумен және өзінің бұрынғы дінінен баз кешіп, Исламның сенім-негіздерін қабылдаумен жүзеге асады. Мысалы, бір христиан азаматы мұсылман болса, христиандықтан түбегейлі бет бұрады және Иса ғалейһиссәләмның пайғамбар әрі Алланың пендесі екендігіне куәлік етеді әрі Исламды қабылдағандығына куәлік етеді, бұны өзінің тілінде айтса да болады.

Ал одан кейін есімін де мұсылманша атқа өзгертуі шарт па?

Пайғамбарымыздың хадистеріне қарасақ та, одан кейінгі дін ғұламаларының сөздерінен де есімін ауыстырудың шарт емес екендігін ұғынамыз. Дейтұрғанмен, мына екі жағдайда есімін ауыстырғаны абзал:

  • егер қоғамда кісінің қай дінге тән екендігін есімінен айырып білу әдеті бар болса, ол кезде есімін мұсылманшаға өзгерткені дұрыс.

  • егер есімінің мағынасы «исаның құлы», «бұдданың құлы», «пұттың құлы» деген сияқты дінімізге теріс келетін мағынада болса, есімін мұсылманша есімге ауыстырғаны жөн.

Абдусамат Қасым