Қайтыс болған адамның үйінен тамақ алуға бола ма?
Қайтыс болған адамның үйінен тамақ алуға бола ма?
2 ай бұрын 3676

Сәлеметсіз бе! Қайтыс болған адамның үйінен тамақ алуға бола ма?

Сәлеметсіз бе! Құрметті сауал жолдаушы, қайтыс болған үйден «қазан көтермесін» деген кеңес бар, ал бірақ ол үйден ас ішпесін немесе ол үйден тамақ алмасын деген тыйым жоқ. Бірақ, мынаны ескерген жөн: өлім шыққан үйдің иелері қарызданып, қауғаланып жетісін-қырқын өткізеді, ол жетпегендей бейсенбі сайын «бейсенбілік» асын беріп қонақ күтеді (бұлар шариғат бұйрығы емес). Оның бәрі шығын екендігі сөзсіз. Ауыртпалық. Сондықтан «қайтыс болған үйден тамақ алуға болады екен» деп, барған сайын стөлдегілерді сыпырып-сиырып кетіп жатсақ, дұрыс болмайды. Тіпті кейбір құдайы астарда көзіңді ала берді асылған еттерді тып-типыл қылып кететін жағдайлар да кездеседі екен. Олай істеу жөн емес. Онсызда қайғырып отырған және шығынданып жатқан отбасын одан бетер қиын жағдайға түсірген боламыз. Ондай кезде үй иесінің қолыңызға ұстатқан кәдесін қанағат тұтып, шығып кете берген әдепке де, адамдыққа да сай болмақ.

Абдусамат Қасым