Ит сатуға бола ма?
Ит сатуға бола ма?
12 ай бұрын 2208

Ассаламуалейкум! Итті сатуға бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабында итті сатуға болады. Сол сияқты жыртқыш аңдарды да сату мубах (егер заңға қайшы болмаса). Ит мейлі аңға үйретілген ит болсын, мейлі үйретілмеген болсын, сатуға рұқсат, табысы адал. Өйткені, ит - адамға пайдалы хайуан. Оны мал бағуға, үйді күзетуге пайдалануға болады1. 

Имам Әбу Юсуф (рахимаһуллаһ) өте қабаған иттерді сатуды мәкруһ санаған, бірақ аң аулауға үйретуге болатын қабаған ит болса, сату мәкруһ емес. Күшіктер аң аулауға үйретуге оңтайлы болғандықтан, оларды сатуға болады2. Әйтсе де, Имам Мұхаммед (рахимаһуллаһ) жалпылама қағидаға қарай отырып, қабаған итті де сатуға болады деген пәтуә шығарған. Ендеше, Ханафи мәзхабында кейбір шектеулер қойған ғалымдарымыз болса да, жалпы қабыл етілген пәтуа бойынша, итті сатуға болады, өйткені ит жануары - пайдаға асатын хайуан түрінен. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!


1  وَأَمَّا غَيْرُ الْمُعَلَّمِ فَلِأَنَّهُ يُمْكِنُ أَنْ يُنْتَفَعَ بِهِ بِغَيْرِ الِاصْطِيَادِ، فَإِنَّ كُلَّ كَلْبٍ يَحْفَظُ بَيْتَ صَاحِبِهِ وَيَمْنَعُ الْأَجَانِبَ عَنْ الدُّخُولِ فِي بَيْتِهِ وَيُخْبِرُ عَنْ الْجَائِي بِنُبَاحِهِ فَسَاوَى الْمُعَلَّمَ فِي الِانْتِفَاعِ بِهِ (Имам Бәберти: «әл-Ъиная Шархуль Һидая»).
2  وَنُقِلَ فِي النَّوَادِرِ أَنَّهُ يَجُوزُ بَيْعُ الْجَرْوِ لِأَنَّهُ يَقْبَلُ التَّعْلِيمَ، وَإِنَّمَا لَا يَجُوزُ بَيْعُ الْكَلْبِ الْعَقُورِ الَّذِي لَا يَقْبَلُ التَّعْلِيمَ، وَقَالَ: هَذَا هُوَ الصَّحِيحُ مِنْ الْمَذْهَبِ. (Кәмәл ибн Һумәм: «Фәтхуль Бәри Шәрхул Һидая).

Абдусамат Қасым