Саламатсыздар ма! Жауабыңызға алдын ала рахмет! Хайыз келген кезде аяттарды қағаз бетіне жазуға бола ма?
|
Хайыз уақытында аят жазуға бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Құрметті сауал жолдаушы, жазатын қағаз бір нәрсенің үстінде болып (мысалы, стол үстінде болып), қолыңыз жазылған аятқа тимесе, ол кезде аятты хайыз уақытында қаламмен жазуға болады. Өйткені, ондай жағдайда, қағазды қолмен ұстап тұрмайсыз әрі қолыңыз жазылған аятқа тимейді1. Осы тұрғыда компьютермен жазуға бола ма, деген де сұрақ ойға келеді, компьютермен жазуға болады, ол жерде аятқа да, параққа да қол тимейді. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Ләкнәуи: «Ъумдәту ар-Риъая».
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?