Әссәләмуғалейкум! Ер кісі өзін əдемі көрсетуі үшін түрлі жаттығулар жасап, бұлшық еттерін өсіріп, денесін əдемі көрсетуі мақсатында спортпен айналысуына шариғатымыз не дейді? Муслим Ислам
|
Ер кісі өзін әдемі көрсету мақсатында жаттығу залына баруына бола ма?
|
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мұсылман ер кісі жаттығу залына дене бітімім сұлулансын, қыз-қырқынға сымбатты боп көрінейін деп емес, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына бір асыл сөзіне амал етейін деген мақсатта барады: «Қуатты мұсылман, әлсіз мұсылманнан абзал және Аллаға сүйкімдірек...». Сонда оның жаттығуға баруы да ниетіне қарай, сауапты амалға айналмақ.
Осыған орай, мынадай сауал да ойға келуі мүмкін: Некелі зайыбына ұнау үшін де баруға болмай ма?
Өмірлік жары өзінің еріне әдемі көрінуге талпынғаны сияқты, ері де өзінің зайыбына әсем көрінуге тырысуы құптарлық әрекет. Сондықтан да, ері өзінің жарына сұлу болып көрінейін деген мақсатта жаттығу залына барып жатса, онысы күнә емес.
Көп оқылғандар
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ