«Екіжүзділіктен» құтылатын дұға бар ма?
«Екіжүзділіктен» құтылатын дұға бар ма?
3 жыл бұрын 4384

Екіжүзділіктен қалай құтылуға болады? Дұға бар ма?

Әр намаз оқығанда, әсіресе түнде тәһәжжуд намаздарында мына бір дұғаны жиі оқып жүрсін:

Арабшасы:

«اللَّهُمَّ طَهِّرْ قَلْبِي مِنَ النِّفَاقِ وَعَمَلِي مِنَ الرِّيَاءِ وَلِسَانِي مِنَ الْكَذِبِ وَعَيْنِي مِنَ الْخِيَانَةِ، فَإِنَّكَ تَعْلَمُ خَائِنَةَ الأَعْيُنِ وَمَا تُخْفِي الصُّدُورُ»  

Қазақша транскрипциясы:

«Аллаһуммә тоһһир қолбий минән-нифақ. Уә ъамалий минәр-рияа’. Уә лисәәний минәль-кәзиб. Уә Ъайний минәл-хиянәһ. Фә-иннәкә таъләму хо-инәтәль аъюни уә мә тухфис-судур!»

Мағынасы:

«Уа, Алла Тағала! Жүрегімді екіжүзділіктен тазарт. Амалдарымды (істерімді) риядан тазарт. Тілімді өтірік сөзден тазарт. Көзімді «көз қиянатынан» тазарт. Сөзсіз сен көздері қиянатшыл болғандарды әрі көңілдердің не жасырғанын толық білесің!».

*Көз қиянаты – қарауға болмайтын нәрсеге қарау, харамға қарау.

Сондай-ақ, хадисте қырық күн бойы жамағатпен намаз оқыған кісінің де екіжүзділіктен аман болатындығы айтылады. Сахаба Әнәс ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етілген хадисте Алла елшісі былай деген:

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ( مَنْ صَلَّى لِلَّهِ أَرْبَعِينَ يَوْمًا فِي جَمَاعَةٍ يُدْرِكُ التَّكْبِيرَةَ الْأُولَى كُتِبَتْ لَهُ بَرَاءَتَانِ بَرَاءَةٌ مِنْ النَّارِ وَبَرَاءَةٌ مِنْ النِّفَاقِ ) رواه الترمذي(241) وصححه الشيخ الألباني رحمه الله  

«Кімде-кім қырық күн бойы намазды, әуелгі тәкпіріне үлгеріп, жамағатпен оқыса, ол кісіге екі нәрседен құтылу жазылады: бірі – тозақтан құтылу, екіншісі – екіжүзділіктен құтылу»[1].

*Хадистегі «әуелгі тәкбіріне үлгеріп...» деген сөзі – намазға кешікпей уақытында баруды білдіреді.


[1] Имам Тирмизи: «Сүнән», №241 хадис. Сахих.

Абдусамат Қасым