Акуланың етін жеуге бола ма?
Акуланың етін жеуге бола ма?
3 жыл бұрын 11742

Ассаләмуғалейкум! Акуланың еті адал ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғатта балықтарды «жыртқыш» немесе «жыртқыш емес» деп бөлмейді. Су хайуандары шариғатта «балық тектес» және «балық тектес емес» су хайуаны болып бөлінеді. Балық тектес су хайуандары адал. Акула «балық тектес» су хайуаны болғандықтан оның да етін адал деуге негіз бар.

Дейтұрғанмен, акула балығының да жеуге жарамды түрі және жеуге жарамсыз түрлері болады. Мысалы, солтүстік аймақтарды мекендейтін полярлық акулалардың еті жарамсыз, улы болып келетіндіктен, адам денсаулығына залалды, сол себепті олар сатылымға шығарылмайды[1].   

Жеуге жарамды акулалардың өзін, сақтықпен жеген жақсы делінген. Неге десеңіз, акулалар майда балықтармен бірге, түрлі теңіз асты қоқыстарды жұта беретіндіктен, көпшілігінің ағзасында көп мөлшерде сынап жиналатынға ұқсайды, сондықтан да, жас балаларға және аяғы ауыр әйелдер мен емізулі баласы бар әйелдерге аз мөлшерде жеу кеңес етілген.


[1] laguna-akul ru

Абдусамат Қасым