Түсіне бақилық болып кеткен туыс адам кірсе, ол нені білдіреді?
Түсінде бақилық болған жақынын көрсе, не болады?
|
Құрметті сауал жолдаушы, қазақ халқында түсіне қайтыс болған жақыны кірсе: «құран дәметіп жүрген шығар» - деп, әруағына Құран бағыштап, атынан жеті шелпек таратып жатады. Сондықтан да, бақилық болып кеткен жақыныңыз түсіңізге кірген жағдайда, Құран оқып бағыштап, шама-шарқыңызша мархұмның атынан садақа берсеңіз артық болмайды.
«Мұсылманша түс жору» тақырыбы төңірегінде жазылған кітаптарда өлген адамның түске кіруін ескілікті ғұламаларымыз әртүрлі жорыған. Солардың біршамасын бере кетелік:
- Түсінде қайтыс болған адамның тірі екендігін көрсе, бұл – оның ісінің жақсара бастайтындығының және күтпеген жерден қиындықтан кейін жеңілдік болатындығының белгісі.
- Түсінде қайтыс болған адаммен бірге ас ішкенін көрсе, өмірі ұзақ болады.
- Түсінде басшының өлгенін көрсе, бұл – ол басшының орнынан түсетіндігінің белгісі.
- Түсінде өлген адаммен сөйлескен болса, ұзақ өмір сүретіндігінің белгісі және бұл әлдекімдермен талас-тартысқа түсіп, одан жеңіп шығатындығына да ишара болуы мүмкін.
- Түсіне бұрын жақсы таныған кісісі кіріп өзінің өлмегендігін айтқан болса, бұл – оның (өлген кісінің) ақыреттегі жағдайының жақсы екендігін білдіреді.
- Түсінде өлген кісінің үстіне жасыл киім киіп алғандығын көрсе, бұл – оның шейіттік өліммен өлгендігін көрсетеді, сондай-ақ, о дүниедегі жағдайының да жақсы екендігін білдірмек.
- Түсінде қайтыс болған адамның күлгенін көрсе, бұл – оның Алланың кешіріміне қол жеткізгендігінің белгісі.
- Түсінде өлген кісінің жүзі жарқын, қуанышты екенін көрсе, оған бағышталған жақсылық жетіп, соған риза екендігінің белгісі.
- Егер, бір өлген кісі одан жүзін бұрып, оған ұрысып жатқандығын көрсе, онда бұл үлкен күнә жасағандығына ишара (тәубе етуі тиіс).
- Түсінде қайтыс болып кеткен атасының немесе әжесінің тірі екендіктерін көрсе, бұл – өмірінің бақытты да, баянды боларына ишара.
- Түсінде қайтыс болып кеткен әкесінің немесе анасының тірі екендіктерін көрсе, басына түскен қайғыдан арылып, үлкен қуанышқа кенелетіндігіне ишара.
- Түсінде қайтыс болып кеткен ағасының тірі екендігін көрсе, әлсіздіктен кейін қуаттанатындығының белгісі.
- Түсінде қайтыс болған баласын көрген болса, әлдебір дұшпанынан құтылатындығына ишара.
- Түсінде қайтыс болған адамның оған сәлем бергенін көрсе, Алланың құзырында мархұмның жағдайының жақсы екендігінің көрсетеді.
- Түсінде қайтыс болып кеткен кісінің байып кеткендігін көрсе, мархұмның ақыреттегі жағдайы жақсы екендігінің белгісі.
- Түсінде өлген адамды тірілткен болса, бұл – оның арқасында яһуди немесе христиан дініндегі бір адамның мұсылман болатындығына, яки, теріс жолда жүрген бір мұсылманның дұрыс жолға түсуіне себепкер болатындығына ишара.
- Түсінде қайтыс болған адамның оған тағам бергенін көрсе, адал ризыққа қол жеткізетіндігіне ишара.
- Түсінде қайтыс болған адамның оған ескі киімін немесе кір киімін бергенін көрсе, тұрмысы тарығатындығына ишара.
- Анасының қайтыс болғандығын көрсе, тұрмысы тарығып, жағдайы нашарлайтындығына ишара.
- Бір ғалымның қайтыс болғандығын көрсе, бұл – сол аймақта дін мен ғылымның әлсірегендігін білдіреді.
- Түсінде қайтыс болған бір адамның оны жақсы көріп құшақтап жатқандығын көрсе, ұзақ өмір сүретіндігіне ишара.
- Түсінде қайтысы болып кеткен танитын адамымен үйленгенін көрсе, қалағанына қол жеткізетіндігіне, бірақ,кейіннен ол нәрсеге өкінетіндігіне ишара.
- Түсінде қайтыс болып кеткен кісінің әлдебір жақсы істі істеп жатқандығын көрсе, бұл – оны сол істі істеуге талпындырғаны.
- Түсінде қайтыс болып кеткен кісінің бір жаман істі істеп жатқанын көрсе, бұл – оны сол істі істеуден қайтарғаны.
- Түсінде қайтыс болған адамды мойнына салып көтергенін көрсе, мол табыс пен байлыққа қол жеткізетіндігіне ишара.
- Түсінде қайтыс болған адаммен жолдас болса, үлкен табысқа қол жеткізер ұзақ сапарға шығатындығына ишара.
- Түсінде қайтыс болып, кейін қайта тірілгенін көрсе, бұл – күнә жасап, бірақ, артынан тәубеге келетіндігін білдіреді.
- Түсінде қайтыс болып, жерде тыржалаңаш жатқандығын көрсе, кедейлігіне ишара. Кілемнің үстінде жатқандығын көрсе, дүниенің кеңшілігін білдіреді. Төсекте жатқандығын көрсе, дәрежесі көтерілетіндігіне ишара.
- Түсінде бір өлген адамның денесін тапқан болса, өңінде мал табады[1].
[1] Ибн Сирин: "Тәфсируль Ахләм" – әл-Мәут.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ