«Қазылған қабірді келесі күнге бос қалдыруға болмайды, жын-шайтан аралап кетеді, біреу күзету керек» деген бар ма?
«Қазылған қабірді келесі күнге бос қалдыруға болмайды, жын-шайтан аралап кетеді, біреу күзету керек» деген бар ма?
2 жыл бұрын 3464

Сұрақ: марқұмнын қабірін қазып қойып, сол күні жерленбей, келесі күнге қалып қойса, жын шайтан аралап кетеді дейді. Қабірді бос қалдыруға болмайды екен, біреу қонып күзету керек деседі, немесе жанадан қазу керек дейді. Осы дұрыс па? Ерхан.  

Бисмилләһир-рахманир-рахим.

Құрметті сауал жолдаушы! «Қазылған қабір келесі күнге қалып қойса, жын-шайтандар аралайды, қабірді бос қалдыруға болмайды, біреу қонып күзету керек, болмаса қайта қазу керек» деген сөздердің ешбір негізі жоқ. Жай сөз. Қабірді бір күнге бос қалдыру былай тұрсын, кей шариғи кітаптарда көзі тірісінде өзінің жеке меншік жерінде мазарын қазып, алдын-ала дайындап қойса болады делінеді. Мысалы, табиғин Омар ибн Абдульазиз, Рабиъ ибн Хайсәм деген тұлғалардың өз қабірлерін көздері тірісінде қаздырып, дайындап қойғандары деректерде айтылады.

Сондықтан да, қабірдің қазылғанына бірнеше күн өтсе де, оған мәйітті жерлей береді, оның еш ағаттығы жоқ, ал «бір күн кешіксе жаңадан қабір қазу керек немесе біреу қонып күзету керек» деген нәрсе – шариғатта жоқ, негізсіз сөздер.

Абдусамат Қасым