Әссәләму ғалейкум! Егер бір кісі үйленетін қызына «саған құшағым арам болсын» десе талаққа санала ма? Қасиет.
Үйленбей тұрып қалыңдығына "құшағым харам болсын" десе, үкімі қалай? Талақ болып санала ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Шариғат бойынша, үйленбей тұрып, қалыңдығына талақ жүрмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадис шәрифінде: «Некеден бұрын талақ жоқ» - деп айтқан1. Сондықтан да, сұрақтағы кісінің некеден бұрын «құшағым харам болсын» деп айтқан сөзі талақ болып саналмайды. Бірақ онысы «ант ету» болып саналатындықтан2, ант кәффәратын өтегені жөн. Ант кәффәраты: бір құл азат ету немесе он пақырды тамақтандыру, яки киіндіру. Оған шамасы жетпейтін мұсылман үш күн қатарынан ораза ұстайды.
1Ибн Хажар әл-Асқалани: «Тәхрижу мишкәтиль Масабих». Хасан хадис.
2الأصل في تحريم الحلال إنما هو يمين - Халал нәрсені өзіне харам қылу ант болып саналады. (Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная»).
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Дәрет алуға да, таяммум соғуға да мүмкіндік болмаса, не істейді?

■
Көлікте тиләуәт сәждесін оқыса, сәжде қалай жасайды?

■
Ашура күнгі оразаны ұстап жүріп, абайсызда су жұтып қойдым. Осы күнді соңына дейін ұстау керек пе?

■
Ауруханада тамақтың халал екенін білмейміз, берген асын жей беруге бола ма?