Әссәләмуғалейкум, ағалар! Арақ ішіп жүрген маскүнем адам қайтыс болса, оның артынан дұға етсем, Құран оқып бағыштасам немесе оның атынан сауабы тие берсін деп садақа т.б. жақсылық істесем бола ма? Муслима Айнура.
|
Қайтыс болған маскүнем кісіге дұға етсем бола ма?
|
Уағалейкум әссәләм, Айнур! Алланы бір, Мұхаммедті пайғамбарым деп өзін мұсылман санаған кісінің өмірі ішімдік ішумен өтседағы, артынан дұға тілеп, Құран бағыштауға және оның атынан садақа таратуға болады. Құран Кәрімде: «Тозақтық екендігі айқындалғаннан кейін, жақындары болсадағы, Пайғамбардың және мүміндердің мүшріктер үшін жарылқау тілеулері дұрыс емес...»[1], - деген аят бар. Осы аятта Алладан өзге нәрселерді тәңір деп білген және бір Жаратушыға серік қосқан адамдарға жарылқау тілеуге болмайтындығын, ал одан басқа өзін мұсылман санайтын, бірақ өмірі күнә істеумен өткен кісі үшін Алладан кешірім сұрауға рұқсат екеніне ишара етіп тұр. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Тәубе сүресі, 113 аят.
Өзекті сұрақтар
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?