Қайтқан кісінің суретін ілуге қатысты дінде қандай да бір ырым айтылған ба?
Қайтқан кісінің суретін ілуге қатысты дінде қандай да бір ырым айтылған ба?
3 жыл бұрын 9149

Ассалаумағалейкум! Үйде қайтқан немесе тірі адамның фотосын ілуге болама? Бұл жөнінде дінімізде не айтады? Елжас.

Уағалейкумуссәләм, Елжас!

Дінімізде тірі заттың суретін ілу «мәкруһ» саналған, өйткені тірі жанның бейнесі ілінген үйге періште кірмейді делінеді. Қайтқан кісілердің суретін ілу де, сол сияқты «мәкруһ», ұнамсыз әрекет болып есептеледі.

Ал мархұмға тиер пайда-зияны бар ма, десеңіз, пайдасы жоғы анық. Зияны тиетіні жөнінде де дерек кездеспеген. Зияны сол – тірі заттың суреті ілініп тұрған үйге мейірім періштелері кірмейді[1]. Сондықтан, мәкруһ саналған. (Мәкруһ - құпталмайтын, ұнамсыз іс).


[1] Сахих Мүслім - №2104 хадис.

Абдусамат Қасым