Иттің жүнінен тоқылған шұлықты киюге бола ма?
Иттің жүнінен тоқылған шұлықты киюге бола ма?
3 жыл бұрын 5956

Иттің жүнінен тоқылған шұлық киюге бола ма? Арман.

Шариғатта иттің жүні таза. Сондықтан да, одан тоқылған шұлықты киюге де, оны киіп намаз оқуына да болады. Сондай-ақ, қасқыр, аю, түлкі сияқты жыртқыш хайуандардың жүні де таза саналады, тіпті арам өлген малдың жүнін қырқып алып керегіне жаратуға болады. Бірақ доңыздардың өздері арам болғаны сияқты, жүндері де арам, нәжіс үкімінде, оларды қолдануға болмайды.

Иттің терісі болса, екі жолмен тазарады: Біріншісі - илеу арқылы (тұз сеуіп, топырақ сеуіп күнге кептірілген кейін, иістенбейтінде және бұзылмайтын күйге енсе, ол да таза). Екіншісі – шариғат талабына сай бауыздау арқылы. Итті малды бауыздағандай шариғат талабына сай бауыздап, бойындағы қанын ағызып тастаған жағдайда терісі де таза үкімін алады. Қасқыр, түлкі, аю сияқты жыртқыш хайуандардың да терісі осы жолдардың бірімен тазарады.

Абдусамат Қасым