Жұмақта күндіз, түн деген уақыттар бола ма? Алдияр Ибрагим
Пейіште түн бола ма?
|
Жұмақта күндіз және түн деген сәттер болмайды. Пейіш әрдайым нұрланып тұрады. "Жәннәттағылар әрдайым нұр ішінде болады" дейді тәпсірші ғалымдар. Ал пейіштегі түнгі бөлік – бейнебір шымылдықтың түсірілуімен білінсе, күндізгі бөлігі перденің көтерілуімен білінеді дейді олар. Имам Нәсәфи былай дейді:
«Ол жақта түн де, күндіз де болмайды. Пейіштегілер әрдайым нұр ішінде болады. Олар күндізгі мөлшерді перденің көтерілуімен, ал түннің мөлшерін перденің түсірілуімен біліп отырады»1.
1Имам Әбу Бәрәкәт ән-Нәсәфи: «Мәдәрикут Тәнзил». Мариям сүресі, 62 аят тәпсірі; Имам Бәғәуи: «Тәфсируль Бәғәуи», «Мариям сүресі, 62 аят тәпсірі; Құртуби тәпсірі, Мариям, 62 аят тәпсірі.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?