Алланы әзілге айналдырудың үкімі қандай?
Алланы әзілге айналдырудың үкімі қандай?
10 жыл бұрын 5692

Ассаламуалейкум, құрметті сайт ұжымы! Сұрайын дегенім: Алланың атын әзіл арасында қолдануға бола ма? Кейбір бауырларымыз әзіл арасында Алланын атын қолданып жатады. Мысалға: «(Аллаға) мені қазір барады деп салем айта сал, телефонына қоңырау шала сал» деген сияқты әзілдерді айтып жүрген бауырларымыз бар. Мұндай әзілдер күнәға жата ма? Ержан Нышанбеков

Уағалейкумсалам! Жаратушы Алланы немесе Мұхаммед пайғамбарды яки Құранды және өзге де Ислам діни негіздерін келеке ету -  күпірлік.  Бұлай істеу - адамды мұсылманшылықтан шығарады. Мұны істеген кісі артынша таубеге келіп, Алладан кешірім тілеуі тиіс. Жүрегінде иманы бар мұсылман, Алла тағаланы ешқашан келеке етпейді, оны әзілге айналдырмайды. Олай істеген жағдайда, Жаратушының қаһарына ұшырап, ахыретте дозағына күйеді.

Бұл жайында Алла тағала Құран Кәрімде былай деген:

وَلَئِن سَأَلْتَهُمْ لَيَقُولُنَّ إِنَّمَا كُنَّا نَخُوضُ وَنَلْعَبُ ۚ قُلْ أَبِاللَّهِ وَآيَاتِهِ وَرَسُولِهِ كُنتُمْ تَسْتَهْزِئُونَ ﴿٦٥﴾ لَا تَعْتَذِرُوا قَدْ كَفَرْتُم بَعْدَ إِيمَانِكُمْ ۚ إِن نَّعْفُ عَن طَائِفَةٍ مِّنكُمْ نُعَذِّبْ طَائِفَةً بِأَنَّهُمْ كَانُوا مُجْرِمِينَ

«Егер олардан бұл қылықтарын сұрасаң: «Біз тек еріккен соң, қалжындап едік», - деседі. (Оларға былай де): «Сонда сендер Алланы, Оның аяттарын, пайғамбарын келеке етіп, ойнайды екенсіңдер ғой. Жалтармаңдар. Сендер иманға келген соң қайта кәпір болдыңдар. Сендердің бір тобыңа кешірім жасасақ, енді бір тобыңды күнәхар ретінде жазалаймыз»[1]. 

 [1] Тәубе сүресі – 65, 66 аяттар.

Абдусамат Қасым