Туған ағам атеист болса, оның алдында хижабпен жүруім керек пе?..
Туған ағам атеист болса, оның алдында хижабпен жүруім керек пе?..
4 жыл бұрын 7890

Ассаламу алайкум! Туған ағасы атеист болса, оның алдында хижаб киюі керек пе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құдайға сенбейтін атеист болса да туған ағасы қызға «махрам» болып саналады. Сол себепті, оның алдында мұсылман қыздың хижаб киюі шарт емес. (Махрам - өмірлікке үйлене алмайтын туысы).

Ескі Ханафи фиқһ кітаптарында әйел кісінің жолаушылап шығарда қасында махрамы болуы керек екендігі жайында айтыла келе, мынадай үкім баян етілген:

«Махрамның - азатты немесе құл, яки, мұсылман, не, кәпір болуының айырмашылығы жоқ...»[1].

Яғни, әйел кісі туысы мұсылман болсын, мейлі кәпір болсын, онымен бірге алыс сапарға шығуына болады деген сөз.

Ендеше, мұсылман қыз өзінің мұсылман емес бауырының алдында хижабсыз жүре алады, әрі онымен қол алысып амандаса алады, сондай-ақ, әдеттегідей бір бөлмеде оңаша қала алады. Оның күнәсі жоқ.   

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Имам Сәрәхси: «әл-Мәбсут».

Абдусамат Қасым