Ассаламуғалейкум! Қыздарға құлақты тесуге болмайды дейді. Құлағын тесетін болса, ана дүниеде жылан теседі екен. Сол қаншалықты рас? Ашып айтып берсеңіздер! Фариза Ш.
|
О дүниеде жылан құлақ теседі ме?
|
Уағалейкумсалам!
Құрметті Фариза, әйел баласына құлақ тесіп, сырға тағуға дініміз рұқсат етеді. Деректерге қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) бір күні әйелдерге тәлім-тәрбиеге қатысты уағыз айтады да, артынан оларға садақа берулерін бұйырады. Әйелдер бұйрықты екі етпей, құлақтарындағы сырғалары мен қолдарындағы сақиналарын шешіп, садақа етіп береді[1]. Осы хадиске қарасақ, Пайғамбарымыздың заманында да әйелдер құлақтарына сырға, қолдарына сақина тағатын. Құлақ тесіп, сырға тағу күнәлі іс болған болса, дініміз көп кешіктірмей-ақ ол әрекеттен тыйяр еді.
Ендеше «о дүниеде жылан құлағын теседі» деу бекер сөз.
[1] Сахих Бухари: Китабул ъилм – Бәбу ъизатиль имам ән-нисә - №98 хадис. (Фатхул бари)
Өзекті сұрақтар
■
Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?
■
Зүлқарнайын деген кім? Александр Македонский ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?