О дүниеде жылан құлақ теседі ме?
О дүниеде жылан құлақ теседі ме?
10 жыл бұрын 17512

Ассаламуғалейкум! Қыздарға құлақты тесуге болмайды дейді. Құлағын тесетін болса, ана дүниеде жылан теседі екен. Сол қаншалықты рас? Ашып айтып берсеңіздер! Фариза Ш.

Уағалейкумсалам!
Құрметті Фариза, әйел баласына құлақ тесіп, сырға тағуға дініміз рұқсат етеді. Деректерге қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) бір күні әйелдерге тәлім-тәрбиеге қатысты уағыз айтады да, артынан оларға садақа берулерін бұйырады. Әйелдер бұйрықты екі етпей, құлақтарындағы сырғалары мен қолдарындағы сақиналарын шешіп, садақа етіп береді[1].   Осы хадиске қарасақ, Пайғамбарымыздың заманында да әйелдер құлақтарына сырға, қолдарына сақина тағатын. Құлақ тесіп, сырға тағу күнәлі іс болған болса, дініміз көп кешіктірмей-ақ ол әрекеттен тыйяр еді.

Ендеше «о дүниеде жылан құлағын теседі» деу бекер сөз.

[1] Сахих Бухари: Китабул ъилм – Бәбу ъизатиль имам ән-нисә - №98 хадис. (Фатхул бари) 

Абдусамат Қасым