Мұсылман қызға бижутерия тағуға бола ма?
Мұсылман қызға бижутерия тағуға бола ма?
1 жыл бұрын 2301

Мұсылман қызға бижутерия тағуға бола ма?

 

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Бижутерия деп, арзан металдардан жасалған әшекей бұйымдарды айтады. Қыз баласына бижутерия тағуға болады. Оған дініміз рұқсат берген. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде бір әйелді алғысы келген ер адамға Алла елшісі (с.а.у.): «(Мәһірге) Темір сақина болса да бер...» деп айтқан еді1. Егер бижутерия әйел адамға харам болғанда, Алла елшісі оған темірден жасалған сақина бер демес еді (*Бірақ, Ханафи мәзхабында темірден әшекей тағу - әйелге де, еркекке де мәкруһ, Шәфиғи мәзхабында мубах). Осыдан келіп, әйел кісілерге бижутерия тағуға рұқсат деген қорытындығыға келуге болады. Бірақ ер адамдарға мәкруһ болады. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». Сахаба Сәһл ибн Саъдтан жеткен радияллаһу анһ.

Абдусамат Қасым