Шүмектен сары су ағады, онымен дәрет алсам бола ма?
Шүмектен сары су ағады, онымен дәрет алсам бола ма?
6 ай бұрын 1613

Ассалаумағалейкум! Ақтау қаласында сумен үнемі мәселе туындап отырады, су қосылған кезде біраз уақытқа дейін тат аралас сары су ағады, осы сумен дәрет пен ғұсыл алса бола ма? Талғат. 

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғат қағидасы бойынша, егер суға қатты таза зат араласып, судың өзіне тән сұйықтығы мен сылдырлығын жоғалтпаса, түсі өзгерсе де, дәретке жарамды1. Ендеше, шумектен ағып тұратын судың түсі тат себепті өзгерген болса, ол сумен дәрет пен ғұсыл алуға болады, өйткені темірдің таты сұйық затқа емес, таза әрі қатты затқа жатады. Сондықтан, онымен су түсін ғана өзгертіп, бірақ өзіне тән сұйықтығы мен сылдырлығын жоғалтпайтындықтан таза болып саналады, яғни, дәрет пен ғұсылға жарамды. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1«Заман тудырған сұрақтар», 2 том. 37 бет. «Самға» баспасы. 2020 ж.

Абдусамат Қасым