Әйелдерге байланысты сұрақ (дәрет)
Әйелдерге байланысты сұрақ (дәрет)
1 жыл бұрын 10735

Әйелдің қынабынан жел шықса немесе т.б. сол сияқты нәрсе шықса дәрет бұзыла ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Әйел кісілердің қынабынан шыққан жел дәретті бұза ма, дегенге қатысты Ханафи ғалымдарынан үш түрлі тұжырым жеткен:

1) Әйелдің қынабынан шыққан жел дәретті бұзбайды, бірақ дәрет жаңалаған абзалырақ, мұстахаб[1].

2) Әйелдің қынабынан шыққан жел дәретті бұзады, дәрет жаңалау уәжіп[2].

3) Әйелдің қынабы мен тік ішегі бірге орналасқан болып, қынаптан шыққан жел жағымсыз иісті болса, дәретті бұзады, олай болмаса бұзбайды[3].

Тоқ етерін айтқанда, көпшілік Ханафи ғалымдарының тоқтамы бойынша, әйел кісілердің қынабынан шыққан жел дәретті бұзбайды, ал бірақ қынап пен тік ішек жолдары бірге орналасқан әйелдерде мұндай жағдай орын алса, ол кезде дәретті жаңалаған мұстахаб болмақ, себебі желдің тік ішектен келген болуы мүмкін[4]. Сондай-ақ, ер адамдарының жыныс мүшесінен шыққан жел де дәретті бұзбайды. 


[1] Алауддин әс-Сәмарқанди: «Тухфәтуль Фуқаһа». Бәбуль Хәдәс.
[2] Әл-Кәсәни: «Бәдәиъу» - бәяну мә юнқиду әл-Уду.
[3]Әл-Мәзә: «әл-Мұхитуль Бұрһәни» - Бәяну мә южибу әл-Уду.
[4] Әл-Мәрғинәни: «әл-Һидая» - нәуәқидуль Уду; Имам Сәрәхси: «әл-Мәбсут» - Бәбу әл-Уду уәл ғұсл.

Абдусамат Қасым