|
Тағы бір батыстық бренд спорт киім үлгісін ұсынды
|
Lululemon деп аталатын америкалық-канадалық спорттық киімдер ритейлері өз ассортиментіне спорттық шариғат шәлісін енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Concrete Playground ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Lululemon спортқа арналған жаңа хижабтар желісін жұртшылық назарына ұсынып отыр. Дәлірегі, бұл спорттық хижабтар Австралия мен Жаңа Зеландияның сауда-саттық орындарынан табуға болады. Спорттық хижабтар тер сіңіріп алатын матадан тігілген әрі түймені, түйреуішті пайдалануды қажет етпейтіндей етіп тігілген. Осылайша спорттық хижаб киімдерімен атты шыққан Adidas және Nike брендтерінің қатары тағы бір брендпен толықты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді