|
Қазақ жігіті дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды
|
Этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы дзюдан Моңғолия біріншілігіне қатысып, чемпион атанды.
Бұл туралы kaznews.mn басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Дзюдодан Моңғолия чемпионаты Сүхбаатар қаласында өтті. Сайыста Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол жартылай финалда 2017, 2018 жылдары чемпион атағын иеленген Алтанабагананы жеңді. Ал ақтық финалда Цэрэннямдымен кездесіп, ұпай саны арқылы басым түсті.
Осылайша, қандасымыз Баян-Өлгий спорт тарихында тұңғыш рет дзюдодан ересектер арасында Моңғолия чемпионы атанып отыр.

Айта кетсек, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы 100 келі салмақ дәрежесінде Моңғолия чемпионатының күміс жүлдесін, 2017 жылы қола жүлдесін иеленген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады