|
ӨЗБЕК ТЕЛЕАРНАСЫ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНА АЛЛАҒА ШҮКІР АЙТҚЫЗБАДЫ
|
Өзбекстанның "Спорт" телеарнасы ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Руслан Нуриддиновтің сөздерін қиып тастады.
Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Ауыр атлетикадан бірнеше жыл бойы Илья Ильиннің басты қарсыласы атанған өзбекстандық Руслан Нуриддинов Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғанына қатты қуанған спортшы камераға қарап: "Аллаға шүкір, менің Аллама шүкір!" деп қуаныштан айғайлаған болатын.
Алайда, Өзбекстанның спорттық арнасы Нуриддиновтің Алла туралы айтқан сөздерін қиып тастаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді