|
Мұсылман спортшының жасыл алаңда нанға көрсеткен құрметі (видео)
|
Әлемдегі табысты ойыншылардың бірі, Лондон қаласының «Арсенал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Месут Өзіл жасыл алаңда ойын өрнегін көрсетіп жүріп, көрермендерді бір қылығымен қайран қалдырған еді. Мұсылман адамның нанға қалай құрмет көрсететінін әрекетімен дәлелдеп, жанкүйерлерді тәнті етті. Нақтырақ айтқанда, ағылшындардың аталған командасы Мадрид қаласының «Атлетико» футбол клубымен сәуір айының 26-сы күні жасыл алаңда бақ сынасқан болатын. Ойын кезінде жанкүйерлердің бірі нанның бір бөлігін алаңға қарай лақтырып жібереді. Месут Өзіл нанды жерден көтеріп алып, маңдайына тигізіп, нанды сүйіп, адам аяғы баспайтын жерге қояды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Араб елі келесі жылдан бастап импортталатын халал тауарларды бір шартпен қабылдамайды...
■
Халал сертификаттаудағы негізгі қиындықтар айтылды
■
Халықаралық геосаяси картинадағы араб әлемі – саяси шолу