ҰҚК: Қазақстанда салафизмге тыйым салынбайды
ҰҚК: Қазақстанда салафизмге тыйым салынбайды
3 жыл бұрын 5262

Қазақстанда исламның салафизм ағымына әзірге тыйым салу туралы мәселе қарастырылмайтынын хабарлады. Бұл туралы Malim.kz сайты Sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали БІЛІСБЕКОВТІҢ айтуынша, құзырлы орган бұл мәселені жан-жақты зерттеген.

«Біз бұған дейін салафизмді жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ», – деді Білісбеков.

Оның айтуынша Таяу шығыстағы соғыс жүріп жатқан аймақтарға кетіп жатқандар арасында салафизм өкілдері ғана емес дәстүрлі дінді ұстанатындар да бар көрінеді. Білісбеков қоғамда бұл ағымға қатысты даулар жиі болып тұратынын жоққа шығармағанмен, салафизмді террористік ұйымға жатқызуға болмайды дейді.

«Мәселен, «Хизбут-Тахрир» немесе «Таблиғи Жамағат» сияқты ұйымдардың орталығы мен құрылымдары бар. Ұйымдастыру жұмыстары да жүргізіледі. Ал салафизм – бұл дінге деген көзқарас, діни ағым», – деді ол.

Комитет төрағасының орынбасары ұсынған мәлімет бойынша бұған дейін қақтығыс аймағынан Қазақстанға қайтарылғандардың ішінен 41 қазақстандық жазаға тартылған.

0 пікір
Мұрағат