Телефондардың тіркеуі абоненттердің қатысуынсыз жүзеге асырылады
Телефондардың тіркеуі абоненттердің қатысуынсыз жүзеге асырылады
10 жыл бұрын 5102 tengrinews.kz

Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер телефондарды міндетті түрде тіркеу туралы нормаға қатысты түсінік берді.

"Телефондарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында тіркеуді абонентсіз-ақ жүргізу мәселесі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құруға мемлекеттік бюджеттен қаражат қажет болмайды", - деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, министрліктегілер IMEI-кодтарды тіркеу ережелерін дайындау үшін арнайы жұмыс тобының құрылғанын айтып өтті.

"Қазіргі уақытта абоненттерді тіркеуге қатысты ережелерді дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Онда IMEI-кодтарды тіркеу процесі қалай жүргізілетіні көрінеді. Жұмыс тобында Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ, "Мемлекеттік техникалық қызмет" өкілдері мен ұялы байланыс операторлары бар", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер бұл шараның елімізге әкелінетін контрафактілік құрылғылардың санын азайтып, ұялы телефондарды ұрлау деректерімен тиімді күресуге әсер ететінін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталатыны хабарланған болатын. Заңға сәйкес, енді ұялы байланыс опеарторлары уақытында тіркелмеген абоненттерді бұғаттайды. Айта кетейік, бұл заң 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

0 пікір
Мұрағат