ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР БЕСАСПАП ТЕХНИКА ОЙЛАП ТАПТЫ (ВИДЕО)
ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР БЕСАСПАП ТЕХНИКА ОЙЛАП ТАПТЫ (ВИДЕО)
1 жыл бұрын 7223 24.kz

Трактор тіркемесі жер жыртады, егістік тегістейді, арық қазады. Бір өзі төрт машинаның жұмысын атқарады. Бұл жайында "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Бұл техниканы жасауға темір де аз кетеді. Яғни, 800 келіге дейін жеңілдейді. Ал ауаға газдың таралуы 3 есеге азаяды. Егіс алқабын сапалы өңдеу өнімділікті 10-15%-ке дейін арттырады, дейді жоба жетекшісі. Нұрлыбай Манабаев инновациялық құрылғысын Қазақстан және шет мемлекеттерде аналогы жоқ авторлық туынды екенін айтады. Тіпті, техниканы патенттеп тіркеменің үш данасын сынақтан да өткізіп үлгірген. Енді демеуші табылып жатса, жаппай өндіріске шығаруға әзір.

Нұрлыбай Манабаев, техника ғылымдарының кандидаты, доцент:

- Биыл проект есебінен Алматыдан мемлекеттік сынаудан өткізіп кетті. Сынаудан да жақсы өтті. Протоколдарының бәрі бар. Сатуға рұқсат қағазын да берді.

Қайрат Базарбеков, қалалық ауылшарушылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары:

- Екі жоба бүгінгі таңда өздерінің инновациялық жобаларын өндіріске енгізу мүмкіндіктерін алып отыр. Бұл жобалар алдағы уақытта біздің ауылшаруашылығы саласында сүйемелдеуге қолдау табады.

 

0 пікір
Мұрағат