|
Шымкентте мешіттен Құран кітабы ұрланған сәт таспаға тартылып қалды (видео)
|
Қасиетті Құранның ұрланған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Келеңсіз оқиға Ворошиловка ауылындағы Акмал Салих мешітінде болған. "Ер адам мешітке асықпай кіріп, кітапты алып, асықпай шығып кетеді. Интернет қолданушылары ер адамның залдардың орналасуы мен қасиетті кітаптың тұратын жерін жақсы білгенін өз пікірлерінде жазған. Ұры мешітте қай кезде ешкімнің, тіпті, имамның қай кезде болмайтынын білген сияқты", - делінген жарияланымда. Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл видео ұрының кім екенін анықтау мақсатында таратылған. Пікір қалдырушылардың ойы қақ жарылды, олардың кейбірі кітапты ұрлаудың ұрлыққа жатпайтынын жазған. Бірақ, мұндай пікір көп емес.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды