Шағын ауыл тұрғындары өз күшімен мешіт тұрғызып жатыр (фото)
Шағын ауыл  тұрғындары өз күшімен мешіт тұрғызып жатыр (фото)
5 жыл бұрын 6150 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алматы облысына қарасты Ақсу ауданы аумағында Көкжайдақ (Ақын Сара) деп аталатын шағын ауыл бар. Қар кетіп жер қарайғанда көптен бері ойға алған шаруаға кірісіп те кеткен ауыл тұрғындары. Ынтымағы жарасқан, ұйымшылдығы мықты ауыл тұрғындары өз күшімен мешіт тұрғызып жатыр. Яғни, ауыл тұрғындары мен осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар қолынан келген көмегін аямай, мешіт пен қатымхана құрылысын бастап кетті. Сауаптан жазсын дейміз!

Ауыл әйелдері оларға дәм дайындап, өз үлестерін қосуда. Бұл бастама, әсіресе, қыстың көзі қырауда марқұмды ақтық сапары үшін атқарар  шаруаға орын таппай қиналушы еді. Енді бұл іс те өз шешімін табатын болды. Іске сәт дейміз!

СаÒÑнÑÑ ÐамазÑамова ÑÑÑеÑÑ.

Мешіт құрылысына қолғасы етіп жүрген азаматтарға ас-суын дайындаған ауыл әйелдері 

СаÒÑнÑÑ ÐамазÑамова ÑÑÑеÑÑ.

Мешіт құрылысына кіріскен ауыл тұрғындары

0 пікір
Мұрағат