Астанадағы «Сергек» камераларына тұлға тану технологиясын қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
|
«Сергек» камераларына тұлға тану жүйесі орнатылады
|
«Жақын арада, осы технологияны (тұлға тану жүйесі - АА) барлық «Сергек» жүйесінде, қылмыскерлерді, сондай-ақ, із-түссіз жоғалып кеткендерді іздестіруде және басқа Smart City функцияларында қолдану жоспарлануда. Бұл жоба азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
Оның айтуынша, осы жүйенің көмегімен қылмыскерлерді, жоғалған адамдарды іздеу мүмкіндігі артады.
«Мемлекет басшысының жолдауы аясында біз «Smart Astana» инновациялық қаласын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді