Қыз алып қашу: Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін жаңа бап енгізу ұсынылды
Қыз алып қашу: Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін жаңа бап енгізу ұсынылды
1 жыл бұрын 1199 inbusiness.kz Балжан Смаилова

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің бастамасымен Қылмыстық кодекске "Неке қию мақсатында адамды ұрлау" деген бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды. 

Бас прокуратура Омбудсменнің Қылмыстық кодекске 125-1-баптың жеке бөлігін енгізу туралы ұсынысын қолдады, деп жазады Inbusiness.kz Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа бап әйелдерге қатысты қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді делінген.

Соңғы 2,5 жылда елімізде үй агрессорлары 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің – 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Көбінесе мәжбүрліп неке құрған қыздарды білім мен мамандық алу мүмкіндігінен айырады, бұл олардың тәуелді және осал жағдайын одан сайын нашарлатады. Некеге тұру үшін қыздарды ұрлау тәжірибесі елімізде, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда мұндай әрекеттер жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өз-өзіне қол жұмсауға да әкеледі.

“Адам ұрлаумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды талдау көрсеткендей, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталған санаттағы 214 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл ретте некеге тұру мақсатында қыздарды ұрлау бойынша нақты статистикалық деректер жоқ, өйткені Қылмыстық кодексте мұндай құқық бұзушылықтың жеке құрамы көрсетілмеген”, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұлттық құқық қорғау мекемесі қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулерді, атап айтқанда жеке бапты енгізуді және жәбірленуші өз еркімен босатылған жағдайда қылмыскерді қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін Қылмыстық кодекстің 125-бабына ескертпені алып тастауды қарастырып жатыр.

Бұдан бөлек ақпаратта Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның қылмыстық заңнамаларында әйелдерді некеге мәжбүрлеп тұрғызу мақсатында ұрлау бойынша жеке бап бар екені айтылған.

0 пікір
Мұрағат