Қытай қазақтары Абай ақын туралы мультфильм түсіруді қолға алды
|
BAQ.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша, Қытайдың Үрімжі қаласындағы қазақ кәсіпкері Ғұсман Қажытай жетекішілік ететін «Абай жолы» анимациялық компаниясы «Абай балалық шағы» атты көп бөлімді анимациялық фильм түсіріп жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба авторларының сөзіне қарағанда, аниме түсірудің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты ұлы ақынның шығармашылығымен таныстырып, олардың бойларында қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген мақтаныш және сыйластық сезімдерін қалыптастыру.
2014 жылдың басында іске қосылған жобаға сәйкес анимациялық фильм 104 бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта олардың екі сериясы дайын. Мультфильмнің түсірілімі үш жыл ішінде бітеді деп күтілуде. Сонымен қатар жоба авторлары толықметражды мультфильм түсіруді жоспарлап отыр.