|
Тарбағатайда мешіттің ұйтқы болуымен үй салынды (фото)
|
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарғыба ауылында сауапты іс жүзеге асырылды. Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымовтың бастамашылығымен Қарғыба ауылындағы көп балалы анаға мешіт жамағаттарының ат салысуымен баспана салынды.
Баспана кілтін тапсыру кезінде үй иесі:
«Аудандық мешіттің ұйытқы болуымен бізге баспана салу ісін биылғы Құрбан айт мейрамында бастаған болатын. Ауданның бас имамы үй құрылысын өзі бастап, қадағалап, қол ұшын беріп, міне, бүгін игілігімізге берді. Аудан мешітіне шынайы ниетіммен алғыс айтамын» деп көзіне жас алып, ризашылығын білдірді.
Үйдің лентасын қию шарасына аудан басшылығы, жамағаттар, ақсақалдар қатысып, осынау игі іске бастама болған ауданның бас имамының еңбегіне айырықша атады.
«Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов баспана салу шарасына ат салысқан барлық жамағаттарға алғыс білдіріп, үй құрылысын сапалы әр тез салынуын басты назарда ұстағанын айтып, құтты қоныс болсын деп ақ атасын берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады