Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 1310 halaldamu.kz
Шымкент: «Ладушки» кондитерлік наубайханасы сертификатталды 

Шымкент өңірінде «Канжигитова Айжан Алихановна» ЖК-ның «Ладушки» атты кондитерлік наубайханасы ҚМДБ-ның Халал сертификатына ие болды.

Аталмыш кондитерлік өнімдер өндірушісі толығымен QMDB «Халал Даму» ЖШС-ның 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 “ХАЛАЛ” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерілді. Тексеру жұмыстарын QMDB «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Аружан Аралбай жүргізді.

Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «QMDB халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады.

«Ладушки» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 13.10.2022 - 12.10.2023. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тамерлановское шоссе көшесі, 6/3

БҚО: «Пойма Май Комбинаты» ЖШС май өндірісі сертификатталды 

«QMDB Halal» сертификатын «Белес» сауда белгісіне ие «Пойма Май Комбинаты» ЖШС май өндірісіне «Халал Даму» технологы Айжан Омарова мен жергілікті инспектор-контролер Асылбеков Асхат табыстады.

«Май күнделікті өмірде маңызды орын алатын базалық азық-түліктердің бірі. Тағам технологиясының дамыған кезеңінде қарапайым майды өзіне небір қоспалар қосылып,  алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырап, табиғи құндылығын жоғалтып жатады. Осы орайда,  пайдасын сақтай отырып, зияннан қайтару мақсатында жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін халал стандарты бойынша сертификаттау қолға алынды. «Халал Даму» мамандарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде «Белес» ұны «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Ұнның құрамы кәсіби мамандар тарапынан толығымен тексерілді», — дейді Қазбек Сарыбаев.

«Пойма Май Комбинаты» ЖШС май өндірісіне берілген «QMDB Halal» сертификаты 13.10.2022-12.10.2023 мерзімі аралығында жарамды. 

Мекен-жайы: БҚО, Теректі ауданы, Пойма ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 1А.

0 пікір
Мұрағат