Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 927 halaldamu.kz
«ADIASTYK» ұн өнімдерін өндірушісі сертификатталды 

«ADIASTYK» сауда белгісіне ие ұн өнімдерін өндірушісі «Адиагро» ЖШС сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Халал Даму» мамандарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде «ADIASTYK» ұн өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Ұн өнімдерінің құрамы кәсіби мамандар тарапынан толығымен тексерілді.

«ADIASTYK» ұн өнімдеріне берілген «QMDB Halal»  сертификаты  08.11.2022 - 07.11.2023 мерзімі аралығында жарамды. 

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, 163 есеп кв., 61 ғимарат.

Қостанай облысы: «Happy Cake» сертификатталды 

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша Бас имамы Бахытбек Нұрқабылұлы Қостанай облыстық мешітіне жиылған барша жамағаттың алдында «Happy Сake» кондитерлік өнімдерін шығарушы мекемеге «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Tauekel investment» ЖШС «Happy Cake» кондитерлік өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында Қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-1-2021 стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, С.Баймағамбетов көшесі, 187.

 

0 пікір
Мұрағат