Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1355 halaldamu.kz
Атыраудағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды 

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан өңірдегі бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Атап айтқанда,  «Shoq Doner» фаст-фуд өнімдері, «Беріш»  ет дүкендер желісі,  «Тағам»  асханасы, «Asyl» шұжық және консерві өнімдері,  «Халил ұста»  ет дүкені сертификатталды. 

Аталған кәсіпорындар аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп,  бекітілген халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталды.

Жергілікті технолог Дәурен Арапбаевтың бақылауымен сертификатталған кәсіпорындарда кезекті және кезектен тыс аудит шаралары орындалатын болады.

Сарыағаш: «Маkı-Makı» фаст-фуд өнімдері сертификатталды 

Сарыағаш қаласындағы «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Шымкент өңіріне іс сапары барысында Сарыағашқа арнайы барып, «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Сертификат табыстау рәсіміне жергілікті мамандар Сарыбаев Қазбек пен Аружан Аралбай да қатысты. 

«Maki Maki» фаст-фуд өнімдері «Халал Даму» мамандары тарапынан толық тексерістен өтіп, «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды.

Сертификаттаудан өткізу үшін технологтар мен инспектор-контролер мамандар «Maки-маки» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. Сарыағаштағы «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай екендігін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат