Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1542 halaldamu.kz
Bastau» жарма өнімдері сертификатталды 

«BASTAU Production company» ЖШС-не тиелесіне «BASTAU» сауда белгісі «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. 

Жарма өнімдерімен айналысатын кәсіпорынның халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.

«BASTAU» сауда белгісіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 04.08.2022 – 03.08.2023.

Алматы: «Dami» дәмханасы сертификатталды 

Алматы қаласындағы «Dami» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дәмхана өнімдері «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандарты талаптарына сай сертификатталды.

«Өңіріміздегі халал дәмханалар саны күн санап артуда. Барлық дәмханаларда ай сайын тұрақты түрде аудит шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгін сертификаттаудан өткен «Dami» дәмханасының да ас әзірлеуде қолданатын шикізаттары мен тағамдық шоспалары, өзге де өнімдері,  өндіріс аумағы тексерілді. Халал стандарты талаптары толық орындалғаннан кейін ғана, сертификат табысталды. «Dami» дәмханасының ұсынар асы адал, жұмыстары берекелі болғай», – дейді жергілікті өкіл Маратхан Мұхтарханұлы.

«Dami» дәмханасының мекен жайы: Алматы қаласы,  Розыбакиев көшесі,  153А. 

 

0 пікір
Мұрағат