Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді
Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді
1 сағат бұрын 35 kaz.inform.kz Назым Бөлесова, Айдар Оспаналиев

KAZINFORM —  Қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиға алдағы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қойды.

Келісімде екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен медициналық талаптарды сақтау мәселелері қамтылған.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.

2027 жылғы қажылықты ұйымдастыратын төрт туроператор анықталды 

KAZINFORM - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыратын туроператорларды іріктеу қорытындысын шығарды. Бұл туралы Қазақстан мсылмандары діни басқармасы ҚМДБ хабарлады.

Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, отандастарымыздың Сауд Арабия аумағында қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Сауд тарапының қажылық саласына қатысты заңды талаптарын сақтау.

Белгіленген тәртіпке сәйкес іріктеу жұмыстары арнайы құрылған комиссия тарапынан жүргізіліп, үміткер туроператорлардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен оң тәжірибесі, ресми тәртіпте алған туркодтары, тиісті лицензияларының жарамдылығы «Туристік Қамқор» корпоративті қоры арқылы анықталды.

Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті және белгіленген талаптарға сәйкестігі сараланды. Сауд Арабиясы тарапынан қажылықты ұйымдастырушыларға қойылатын нақты талаптар да сақталды.

Дербес комиссия мүшелері белгіленген тәртіпке сай туроператорларды баллдық жүйемен бағалап, қажылық орындарын бөлді.

Кешенді және салыстырмалы бағалау қорытындысы бойынша 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп келесі туроператорлар жарияланды:

  • «Атлас Туризм»;
  • «Нұрхан Тревел»;
  • «Тауаф Тревел»;
  • «Хикмет Тревел».

-Сонымен қатар, аталған ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлар заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар,-делінген ҚМДБ хабарламасында.

0 пікір
Мұрағат