|
«ҚАЖЫЛЫҚ ҚОРЫ» ЕСЕБІНЕН 100 ИМАМҒА ЖАЛАҚЫ БЕРІЛЕДІ (ФОТО)
|
Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлының шешімімен мүфтият жанындағы «Қазақстан қажылық қоры» есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы берілетін болды.
«Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша 100 ауыл имамына «Қазақстан қажылық қоры» есебінен 50 мың теңге айлық беріледі. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Айта кетейік, бұған қоса «Уақып» қайырымдылық қоры 300-ден астам дін қызметкеріне орта есеппен 50 мың теңге қаржылай қолдау көрсетіп келеді.
Еліміз бойынша, 2605 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал опа-далап: шариғат талаптарына сай сән индустриясы қалыптасып келеді
■
Таяу Шығыстағы соғыс жаһандық нарықты тығырыққа тіремейді
■
Криптоиндустрия жасанды зердеге негізделген агенттік экономикаға көшуі мүмкін
■
Иранның аса ірі, жаңа кіріс көзі пайда болды
■
Саудия қаржының жылыстауына қарсы күресті күшейтеді