|
Жамбыл: Қария мешітке жер телімін тарту етті
|
Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында жан сүйсінтер жағдай болды. Осы ауылдың ақсақалы Жұмахан Оспанов иелігіндегі 50 сотық жерді мешіт меншігіне тегін берді. Бұл жайында muftyat.kz ақпарат көзі мәлім етеді.
Бұл ескі ғимаратта орналасқан ауыл мешіті үшін ерекше тарту болатын. Өйткені жаңа мешіт соғуға ауылдың орталығы ыңғайлы еді. Ауылдық мешіт имамы Ердәулет Құлыбек ақсақалға жамағат атынан алғыс айтып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Алла Тағала бізге қолдағы барымызды сынақ етіп берді. Қиямет күні оны қалай және қайда жұмсағанымыз туралы сөзсіз сұраламыз. Жаратушы Иеміз қасиеті Құранда мал-мүлігін Алла жолында жұмсағандарды мақтап, барша мұсылман қауымына үлгі етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді