Имамдардың білімін жетілдіру орталығы ашылды (ФОТО)
Имамдардың білімін жетілдіру орталығы ашылды (ФОТО)
8 жыл бұрын 2942 muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде Имамдардың білімін жетілдіру орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, сондай-ақ, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, қала имамдары мен Алатау ауданының тұрғындары қатысты.

Бас мүфти Имамдардың білімін жетілдіру орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді және оның ұжым мүшелерімен әңгімелесті.

Алатау ауданының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков тиісті кәсіби мамандары, жоғары сапалы жабдықтары, білім беруге қажетті құрылғылары бар білім жетілдіру орталығы барлық заманауи талаптарға сай екенін атап өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни білім беру саласының одан әрі дамуы маңызды екеніне, бұл имамдардың білім сапасына оң әсерін тигізетініне тоқталды.

«Діни басқарма діни білім беруді сауат ашу курсында, медіреселер мен Нұр-Мүбарак университетінде жүйелі жүргізіліп келеді. Имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру, жетілдіру мақсатында осы орталықты ашып отырмыз. Бұл орталықтан алдағы уақытта жергілікті жамағатта діни білім алатын болады. Осы білімін жетілдіру курсында білімін алған дін қызметкерлері еліміздің әр өңіріне барып білімін халыққа жеткізетін болады», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы.

Діни білім жетілдіру курсы бір ауысымда 30 адам қабылдайды. Орталықтың 2 қабатты ғимараты, озық техникалармен жабдықталған дәріс бөлмесі, асханасы мен кітапханасы бар.

Сондай-ақ, салтанатты кеш барысында Бас мүфти «Бекет ата» мешітінің іс басқарушысы Ғалымжан Молдабаевқа автокөлік кілтін табыстады.

ҚМДБ баспасөз қызметі

мм

 

 

1 пікір
Мұрағат