Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 ай бұрын 406 halaldamu.kz
БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы облысындағы «SaluaKZ» бөдене шаруашылғы және сол кәсіпорынның қасапшылары сертификатталды. Сертификатты Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы мен халалдың жергілікті маманы Жанәбіл Жұмабеков табыстады.

«Бөдене өсіру Шығыс Азия елдерінде, соның ішінде, Қытай, Жапония және Үндістанда айрықша дамыған. Құс шаруашылығы саласына жататын бөдене өсіру ісі елімізде кенжелеп болса да дамып келеді. Қазір елімізде бөдене өсіріп, оның еті мен жұмыртқасын саудалап отырған 82 шаруашылық бар. Олардың 25-і Алматы облысының аумағында орналасқан. Соның бірі – SaluaKZ» бөдене кәсіпорны. Аталған кәсіпорын аумағында толыққанды аудит шаралары орындалып, құстың жем-азығы, қасапханасы, өңдеу цехы, санитарлық тазалығы тексерілді. Сонымен қатар, қасапшыларға шариғат талаптарына сай мал бауыздау ережелері мен тәртіптері түсіндірілді», – деген бас имам кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.

«KARAKTEA» ШӘЙХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы ерекше форматтағы «Karaktea» шәйханасы сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Халал – ұғымының ауқымы кең. Соның бірі «халал өнімнің» адамға пайдалы болуы. «Karaktea» де адам ағзасына ең пайдалы шәйлардың бірі. Себебі, құрамына көпжылдық шөптесін өсімдігі кардамон қосылады. Кардамонның құрамындағы эфир майы – мидың жұмысына әсер етіп, есте сақтау қабілетін арттырады. Сонымен қатар, ас қорыту жүйесі мен қан айналым жұмысын жақсартады. Адам ағзасындағы түрлі инфекция мен зиянды бактерияларды жойып, иммунитетті күшейтеді», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

«Karaktea» шәйханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 14.02.2024-13.02.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 28.

 

ҚАРАҒАНДЫ: ҰН ӨНДІРІСІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Dadi nan», «Ақбата», «Мерей» сауда белгісімен шығарылатын ұндар «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті маманы Амангелді Асқаров табыстады.

«Ұн өндірісі – ауыл шаруашылығының негізгі саласы, себебі ұн күнделікті өмірде маңызды орын алатын базалық азық-түліктердің бірі. Тағам технологиясының дамыған кезеңінде қарапайым ұнның өзіне небір қоспалар қосылып, алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырап, табиғи құндылығын жоғалтып жатады. Осы орайда, аталған ұндар мамандар тарапынан толықтай тексерілді. Нәтижесінде, «Никитин В.М» кәсіпорнының ұндары «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды», — дейді өкіліміз.

«Никитин В.М» кәсіпорнына берілген халал сертификаты 02.02.2024-01.02.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, 042 есептік квартал, 7 құрылыс.

«АДАЛ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе облысындағы «Адал» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлы табыстады. 

 «Өңіріміздегі халал дәмханалар саны күн санап артуда. Барлық дәмханаларда ай сайын тұрақты түрде аудит шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгін сертификаттаудан өткен «Адал» дәмханасының да ас әзірлеуде қолданатын шикізаттары мен тағамдық шоспалары, өзге де өнімдері, өндіріс аумағы тексерілді. Халал стандарты талаптары толық орындалғаннан кейін ғана, сертификат табысталды. «Адал» дәмханасының ұсынар асы адал, жұмыстары берекелі болғай», – дейді жергілікті өкіліміз.

«Адал» дәмханасына берілген «QMDb Halal» сертификаты 07.02.2024-06.02.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі, 49

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан қаласындағы «Адал ас», «Нұр Ислам ет», «Халал ет» кәсіпорындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті маманы Таңат Серкебай табыстады.

«Сертификаттар алдын кәсіпорындар аумағында бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, өндірісте қолданатын өнімдері түгелдей тексерілді. Санитарлық тазалықтың сақталуы, қызметкерлердің халал стандарты талаптарын орындауы да назарға алынды. Тексерістің оң нәтижесінен кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – дейді өкіліміз. 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛ.: 5 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Жамбыл облысындағы «Алель Агро» комбикорм жем-азықтары, «Шамахсутов» мойонез өнімдері, «Nanduk» кәріс дәханасы, «Алға» ет өнімдері, «Виста» тағамдық қоспалары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіліміз Аблайхан Кәріпбаев табыстады.

«Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, халал стандарты талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинарлар өткізіліп, халал талаптары мен ережелері түсіндірілді. Екі жақтың бірлескен жұмыстарының оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау шешім қабылданды», – дейді маманымыз.

0 пікір
Мұрағат